×

Кәсіпкер пышақталғанда сол маңдағы кезекші полицейлердің қайда жүргені айтылды

Қылмыскерлерді іздестіру шарасына 270 адам қатысқан

 Еркеғали Болатұлы 08.08.2022 | 17:56
фото: видеодан скриншот

БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин арнайы брифингте оралдық кәсіпкерді өлтірген жерде неге полицейлердің болмағанын түсіндірді.

Қылмыскерлер шығып келе жатты ғой. Сол жерде полиция қызметкерлері тұрмаған ба? Бұрынғы саябақтың алдында бір-екі көлік тұрушы еді, - деп сұрады журналистер.

Жанболат Жаншин тәртіп сақшыларының кезекшілік жасайтынын растады. Бірақ үнемі олар бір жерде тұра бермейді.

Ол жерде біздің қызметкерлеріміз бар. Бірақ олар патруль жасап жүреді. Сол төңіректің бәрін қарайтын арнайы бағдары да бар. Сол бағдарда жүргенде мынадай жағдай болған... Содан кейін біздің қызметкерлеріміз келгенде күдіктілер бой тасалап үлгерген. Қайда кеткенін білмей қалды кешке қарай, - деді ПД өкілі.

Еске сала кетсек, таяуда 48 жастағы Еркін Мұханғалиевті өлтіріп кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді бүгін ұсталған еді. Оларды іздестіру шарасына 270 адам қатысқан. Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі бойынша тергеу шаралары басталды. Бұл бапта 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама