×

Елордалық полицейлер Toyota Camry-ді қуып жүріп, әрең тоқтатты (ВИДЕО)

Күдіктілер бірнеше дүкеннен сыра алып, ақшасын төлемеген

 Дәурен Ерболат 08.08.2022 | 17:58
фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлерінің Toyota Camry көлігін қуған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде де жарияланды. Полицейлерден қашпақ болған Toyota Camry жүргізушісі жол ережесін бірнеше рет өрескел бұзған.

Желі қолданушылары болған жағдай танымал GTA ойынына ұқсайтынын айтады.

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, бүгін 12.35-те дүкен иесінен 2 ер адамның тауар алып, ақшасын төлемегені туралы ақпарат түскен. Бірнеше минуттан соң мұндай жағдай басқа дүкенде қайталанған. Күдіктілер сыра алып, оның ақшасын төлемей кетіп қалған.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көліктің Қорғалжын тас жолында жүріп бара жатқанын анықтады. Toyota Camry жүргізушісі жол ережелерін өрескел бұзып, полицейлердің талабына бағынбаған. Күдікті адамдар көп жүретін көшенің бойымен жүріп бара жатып, бірнеше рет жолдың қарсы бетіне шығып, бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кеткен. Осылайша, ол жүргізушілер мен адамдардың өміріне қауіп төндірді, - деп жазылған хабарламада.

Патрульдік полицияның арнайы батальоны Шұбар шағын ауданында 30 жастағы Toyota Camry жүргізушісін ұстады. Көлікте 33 жастағы жолаушы да болған.

«Жүргізушінің мас болғаны анықталды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама