×

«Қашып кетсең, туыстарыңды өлтіремін»: Шымкентте қызды ұрлап әкетіп, зорлаған ер адамға іс қозғалған жоқ

 Халық үні 05.08.2022 | 19:58
ашық дереккөзден

Шымкентте ер адам қызды ұрлап әкетіп, зорлаған. Зардап шеккен қыздың анасы Мадина (аты өзгертілген) болған оқиғаны баяндап берді. 

Есімі жасырын қалған 24 жастағы бойжеткен аяқ астынан жоғалып кеткен. Ата-анасының қоңырауларына жауап бермеген. Бірнеше күннен кейін белгісіз адам байланысқа шығып, қыздың онымен бірге екенін және қазір оның қалыңдығы екенін айтқан. Бұл туралы қыздың анасы Otyrar.kz-ке берген сұхбатында айтты.

Бейтаныс кісінің сөзіне сенбеген ата-анасы қызын көруге барады. Белгілі болғандай, 40 жастағы ер адам қызды Бәйдібек ауданының ауылына апарып, оған тамақ бермей, тіпті зорлауға дейін барған.

Бұл адам менің қызымды және біздің отбасымызды артымыздан аңдыған екен. Ол оны алдап көлігіне отырғызып, ауылына алып кеткен. Қызым қашып кетпек болғанымен, бәрі сәтсіз болыпты. Ұрлық кезінде ер адамның жанында оның сыныптастары болған, олар оған қашып кетуге мүмкіндік бермеген. Қызым жақын маңдағы бейтаныс адамдардан көмек сұрауға тырысқан, бірақ ешкім көмектеспепті, - дейді жәбірленушінің анасы.

Қызды ауылға апарғаннан кейін, ер адам оны қорқыта бастаған. «Егер қашып кетсең, мен сенің туыстарыңды өлтірем» деп қоқан-лоқы көрсеткен. Алғашқыда ол қызға тиіспеген екен. Араға бір күн салып, неке қидыру үшін молданы шақырыпты. Қыз баланың көз жасын көрген имам неке қиюдан бас тартқанымен, оны да мәжбүрлеген.

Неке қиған түні қызымды үш рет зорлаған, оны тұншықтырып, басын қабырғаға ұрыпты. Бұл адамның отбасы бәрінен хабардар болды. Содан кейін ол менің қызымды «таза емес» деп, оны кері қайтару туралы шешім қабылдады, - дейді қыздың анасы.

Күйеу жігіттің туыстары қалың малға 1,5 миллион теңге әкелген. Алайда болған жағдайдан кейін олар ақшаны кері қайтаруды талап еткен. Зардап шегушінің отбасы арыз жазып, сараптама жасатқан. Алайда, дәлелдердің болмауына байланысты іс жабылып қалған.

Қалың малды біз бірден қайтардық, ақшасын көз алдымызда санап алды. Оларға бұл адам түрмеде шіритінін ескерттік. Бірнеше күннен кейін сараптама жасадық. Онда бір әйел болды, ол менің қызымның денесін толық қарап шықпай жатып-ақ, ештеңе жоқ екенін айтты. Бірақ қызымның аяғы мен бөксесі көгерген, қызым ұялғандықтан, бұл туралы сараптамада айтқан жоқ.

2 маусымда біз өтініш жаздық, адвокаттарды да таптым. Бірақ іс бірден жабылып қалды. Тәртіп сақшылары егер оның жігіті болса, онда біз істі жабамыз деп айтты. Полицей сол арада «менің әпкемді де ұрлап кетті, бұл қалыпты жағдай» дейді. Мен оларды қызыма жасаған қатыгездіктері үшін жазалауды талап етемін», - деді жәбірленушінің анасы.

Қыздың анасы жүгінген «НемолчиKZ» қорының басшысы құқық қорғау органдарының қызметкерлері істі дұрыс зерттемегенін және жәбірленушінің іш киімін сараптамаға жібермегенін айтты.

Тергеуші жәбірленушіден іш киім алды, бұл оның зорлағанын дәлелдейтін зат. Қандай да бір себептермен бұл іш киім тергеушінің жәшігінде жатыр және тергеуші оны ешқайда жібермеген. Ол іш киімді сараптамаға жіберудің қажеті жоқ және күдіктінің пікірін тыңдау жеткілікті деп шешті, - дейді «НемолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.

Құқық қорғаушылар ер адамды және оның отбасын, сондай-ақ қызды ұрлауға қатысқан адамдарды жауапқа тартуға болатынына сенімді.

Бұл жағдайда ҚР ҚК-нің 120 бабы «зорлау», ҚР ҚК-нің 125 бабы «Адам ұрлау» және ҚР ҚК-нің 126 бабы «Заңсыз бас бостандығынан айыру» баптары бойынша іс қозғауға болады. Бұл өте ауыр баптар және әдетте оны жасаған адамға немесе ұрлық жасаған адамдар тобына қатысты. Егер зорлау бойынша қылмыстық жауапкершілікке бір адам тартылса, онда ұрлау фактісі бойынша бірнеше адам тартылуы мүмкін», - дейді адвокат Евгений Яворский.

Құқық қорғау органдары қылмыс құрамының болмауына байланысты істің тоқтатылғанын айтып отыр.

2 маусымда Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын оны үйлену мақсатында танысы ұрлап кеткені туралы арыз жазды. Аталған арыз «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бабы бойынша тіркелді. Жәбірленушінің өзі және қылмыстық процестің басқа да қатысушыларының айғақтарына сәйкес «адамды заңсыз бас бостандығынан айыру туралы дәлелдер» өзінің растауын таппады. Осыған байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарылды. Аудандық прокуратура қабылданған шешіммен келісті, - деп хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама