×

Алматыда полицей 49 жастағы әйелді қағып кетті

Аталған жағдайға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 04.08.2022 | 14:28
Фото: ашық дереккөз

Алматыда полицияның қызметтік автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. Оқиға салдарынан 49 жастағы қала тұрғыны сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 тамыз күні түнгі уақытта Жансүгіров көшесінің бойында болған.

Полицияның қызметтік көлігін тізгіндеген 1993 жылғы азамат – патрульдік полиция полкінің қызметкері Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесімен қиылыста 49 жастағы әйелді қағып кетті. Өкінішке орай, әйел оқиға орнында көз жұмды, – делінген хабарламада.

Аталмыш жағдай ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама