×

Ауыл әкімі әлеуметтік желіде өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді

Моральдық зиян келтіргендері үшін 500 мың теңге өндіріп алмақ

 Динара Амантай 04.08.2022 | 10:20
Фото: аш

Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің әкімі Виталий Бруцкий әлеуметтік желілерде өзіне тіл тигізген азаматтарды сотқа берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі жергілікті Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыл әкімінің айтуынша, Instagram желісіндегі парақшаларының бірінде ол өзінің досына 18 гектар жер рәсімдегені туралы видео жарияланған. Бұл учаске азаматтардың шағымы бойынша тексерілгені айтылған. Оның аумағы «тазаланбаған, қазаншұңқыр, қабыршақ, құбырлар қалдырылған». Жазба авторы өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен, прокуратура мен облыс әкімінен аталған постқа назар аударуды сұраған. Оның сөзінше, егер мәселе шешілмейтін болса, Президентке жүгінеді. Алайда, ауылдық округ басшысы Виталий Бруцкий таратылған ақпаратты жоққа шығарды.

Сонымен бірге, «Депутатқа сұрақ» WhatsApp-чатында тағы бір азамат ауыл әкіміне қорлық сөздер жолдаған. Онда ер адам ауыл әкімін әрекетсіздігі үшін айыптап, аудио хабарлама жіберген.

Аталған жағдайларға байланысты Виталий Бруцкий сотқа арызданып, онда Instagram және WhatsApp-та таратылған өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпаратты шындыққа сәйкес келмейді деп тануды, сондай-ақ екі жауапкерден бұл ақпаратты жоққа шығаруды міндеттеуді сұрады. Сондай-ақ моральдық зиян үшін екеуінен де 500 мың теңгеден өндіріп алуды талап етті.

Жауапкерлердің біріне қатысты істі Павлодар қалалық соты қарауға кіріскені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама