×

Зеленский Украинадағы соғыс туралы Си Цзиньпинмен сөйлеспек

Ол ҚХР басшысымен мәселені тікелей талқылауға ниетті

 Дәурен Ерболат 04.08.2022 | 09:40
Фото: Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен елдегі соғыс туралы сөйлескісі келеді, деп хабарлайды South China Morning Post.

Мен тікелей сөйлескім келеді. Бір жыл бұрын Си Цзиньпинмен әңгіме болған, - деді Украина президенті қытайлық басылымға.

Оның айтуынша, соғыс басталғаннан кейін Қытай мен Украина арасында ешқандай байланыс болмаған.

«Менің ойымша, бұл пайдалы болады», - деді Владимир Зеленский.

Биыл маусымда Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенде барлық мүдделі тарап Украина дағдарысын шешу үшін тырысуы керегін айтқан еді.

Айта кетейік, осыған дейін Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер Ресей соғыстан шаршап, Украинамен келіссөзге дайын отырғанын айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама