×

Ресей соғыстан шаршап, Украинамен келіссөзге дайын отыр

Путин тығырықтан шығудың жолын іздеп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 03.08.2022 | 16:33
фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Ресей Украинадағы соғыстан шаршап, келіссөзге дайын отыр.

Бұл туралы Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредер мәлімдеді.

Moscowtimes.ru порталының хабарлауынша, ол өткен аптада Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, Украинадағы соғыс пен астық экспорты туралы сөйлескен. Сол әңгімеде Кремльдің қожайыны Шредерге соғысты тоқтатқысы келетінін айтыпты. Оның айтуынша, Ресей тығырықтан жол табуды іздеп жатыр.  Кремль кез келген келіссөзбен соғысты тоқтатқысы келеді.

Ресейдің көрші мемлекетке соғыс ашқаны үлкен қате болды. Мұны Ресейдің өзі де мойындап отыр, –  деді ол.

Сонымен бірге ол Украианың астығын экспортқа шығару ісі өте сәтті келісім болғанын, мұндай қадамды екі жақтан да күтетінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама