×

Петропавлда құдықтан алынған су неден лапылдап жанғаны белгілі болды

Мамандар судың құрамында не бар екенін анықтады

 Самат Жақып 03.08.2022 | 14:15
Halyq Uni / Samat Zhaqyp

Петропавлда экологтар «Ромашка» саяжай қауымдастығындағы құдықта мұнай өнімі бар екенін анықтады. Мамандар бірнеше күн бұрын мұндағы судан бірнеше сынама алған. Нәтижесінде жанған сұйықтықтың мұнай өнімі екені белгілі болды. Алайда мамандар оның нақты қандай зат екенін айта алмады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Айта кетейік, бұған дейін Петропавл қаласы шетіндегі ең үлкен саяжайлардың бірінде құдықтан алынған су лапылдап жанып жатқаны туралы хабарланды

Тұрғындардың айтуынша, осыдан он шақты күн бұрын саяжай тұрғындары құдықтан су алған кезде жер астынан шыққан сұйықтық бензин секілді лапылдап жанған.

Құдықтың суын моншаға тасыдық. Артынша жағымсыз иіс бар екенін байқадық. Оны жақсақ тірідей өртеніп кетер ме едік? Кім біледі? Абырой болғанда бірден сұйықтықты төгіп тастадық. Енді қазір сусыз отырмыз», - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Татьяна Черноморец.

«Ромашка» – Петропавлдағы ең ірі саяжай қауымдастығы. Мұнда шамамен екі мыңға жуық учаске бар. Тұрғындар бұл жағдайға жол бойында тұрған жанар-жағармай құю бекетінің қатысы бар деп санайды.

Енді іспен құзырлы орган өкілдері айналысады. Олар құдыққа мұнайдың қайдан келгенін анықтайды.

«Ромашка» саяжай қауіымдастығындағы болған факті бойынша департамент мамандары үш жерден сынама алды.  Үшеуінен де мұнай өнімі анықталған. Бұдан бөлек санитарлық мамандар да сынама алды. Олар зертханада тексеріліп жатыр», - деді СҚО бойынша экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама