×

2023 жылдан бастап әскери билет 1 күнде беріледі – Қорғаныс министрлігі

Бүгінде министрлік дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр

 Дәурен Ерболат 02.08.2022 | 13:21
фото: ОКҚ

Келесі жылдан бастап қазақстандықтарға әскери билет 1 күнде беріледі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде әскери билетті цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік базалармен интеграция жасау арқылы бұл процестер 2-3 есе тез жүргізіледі. Сондықтан әскери билетті  (военный билет) цифрлық жүйеге ауыстырылуда. 2023 жылдан бастап әскери билетті 1 күнде алуға болады. Мұны келесі жылы іске қосуға тырысамыз» - деді вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Дархан Ахмедиев алдағы уақытта тіркеу куәлігінің күші жойылатынын атап өтті.

Тіркеу куәлігі (приписной билет) әскери билетке дейін берілетіні белгілі. 2023 жылдан бастап оны алып тастаймыз. Мысалы, қазір әскерге шақыру жасына жетпеген жастар (допризывник) медициналық тексерістен өтеді. Кейін олардың денсаулығына қарап, оның қай әскери комиссариатқа (веонкомат) тіркелетіні анықталады әрі тіркеу куәлігі (приписной билет) беріледі. Енді келесі жылдан бастап, бұл процесті басқаша жүргіземіз. Приписной билет деген түсінікті алып астаймыз, ол болмайды, - деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, әскерге шақыру жасына жетпеген жастарға тиісті ақпарат eGov.kz-тағы жеке кабинетіне жіберіледі.

«SMS-те «Сіз осындай әскери комиссариатқа (военкомат) тіркелдіңіз» деп жазылады. Кейін ол 18 жасқа толып, университетке түскенде тағы бір SMS жіберіледі. Онда «Сіздің университетке оқуыңызға байланысты әскери қызметтен уақытша босатылдыңыз» деп жазылады. Бірақ университетке бармасаңыз, SMS-те сіздің қандай әскери комиссариатқа бару керегіңіз жазылады. Мұның барлығын eGov.kz-тағы жеке кабинеттен көруге болады. 2023 жылдан бастап бұл қызметті енгіземіз деген үміттеміз», - деп түйіндеді сөзін Дархан Ахмедиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама