×

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы тағайындалды

Бұған дейін ол Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болды

 Динара Амантай 02.08.2022 | 11:18
Фото: stan.kz

Елдос Сағиев Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы  ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Бас Прокурордың 2022 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Сағиев Елдос Әлиханұлы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің басшысы болып тағайындалды, – делінген хабарламада.

Сағиев Е.Ә. еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысының прокуратура органдарында бастаған.

Қарағанды, Қостанай облыстарының қаржы полициясы органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.

Маңғыстау, Қостанай облыстары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаменттерін басқарды.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары болды.

Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі – 18 жыл.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама