×

Полицейлер ұрланған 2 мыңнан аса қаруды әлі таба алмай жүр

Қаңтар оқиғасы кезінде 71 ғимарат бүлініп, 700-ден аса көлік өртенген

 Дәурен Ерболат 01.08.2022 | 15:34
Фото: kaztag.kz

ІІМ Тергеу департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Қожаев қаңтар оқиғасында ұрланған қарудың 2 мыңнан аса бірлігі әлі анықталмаған айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қазір ұрланған қарудың әлі 2089 бірлігі анықталмаған. Оның ішінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 1282 қару, 648 атыс қаруы, 159 жарақат салатын, газ және сигналды тапаншалар бар. Оларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді басшы ОКҚ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, жедел-профилатикалық шаралар нәтижесінде полиция қосымша 1936 қаруды тәркілеген. Олардың басым бөлігінде тіркеу нөмірлері өшірілген. Бұл қарулардың қаңтар оқиғасы кезінде қолданылғаны анықталып жатыр.

«Бұл оқиғада көптеген адамның зардап шекті. Олардың бірқатары жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен арандатушылардың ықпалына еріп, қылмыс жасауға барды Салдарынан мемлекеттік органдардың 71 ғимараты, 700-ден аса көлік жойылып зақымдалды. Оның ішінде жедел жәрдем, полиция және өртке қарсы қызметтердің көліктері де бар. 1,5 мыңнан аса бизнес нысандары зардап шекті, оларға аса ірі мөлшерде шығын келтірілген. Ең өкініштісі – азаматтар мен күш құрылымдарының қызметкерлері қаза тапты», - деді Мұхтар Қожаев.

Айта кетейік, осыған дейін қаңтар оқиғасына қатысқан 92 адам сотталғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама