×

Қоқыс үшін 86 шенеунік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Оларға 7 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды

 Динара Амантай 29.07.2022 | 14:04
Фото: dknews.kz

Жыл басынан бері «Қазақстан Ғарыш Сапары» ғарыштық мониторингімен рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын 3 411 орын тіркеліп, оның ішінде 1243 орын жойылды. Бұл туралы Экология, геолоия және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қоқыстарды жою жұмысында Қарағанды, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы белсенділік танытқан. Ал ШҚО, Маңғыстау, Атырау және Жамбыл облыстарында бұл бағытта төмен жұмыс байқалады.

Қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша нашар жұмыс істегені үшін экология департаменттері 86 лауазымды тұлғаны (әкімдер мен орынбасарлары) әкімшілік жауапкершілікке тартып, жалпы сомасы 7 млн теңгеден астам айыппұл салды, – делінген хабарламада.

Бұдан басқа, ІІМ және әкімдіктермен бірлесіп бекітілген жоспарды орындау шеңберінде 2022 жылғы 2-3 шілдеде экология департаменттері рекреация орындарында рейдтік іс-шаралар өткізді. Өндіріс қалдықтарымен жұмыс істеу бөлігінде халыққа профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау туралы еске салатын жадынамалар таратылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама