×

Қазақстанда бауыр ісігінен жыл сайын 600-дей адам қайтыс болады екен

Ас қорыту жолдарының аурулары құрылымында бауыр циррозы бірінші орында тұр

 Еркеғали Болатұлы 28.07.2022 | 17:53
фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігінің бас гепатологы Күлпәш Қалиасқарова елімізде бауырдың қатерлі ісігінен жыл сайын 600-дей адамның көз жұматынын мәлімдеді деп хабарлады baq.kz тілшісі.

Статистикаға сенсек, Қазақстанда 2018 жылы бауырдың қатерлі ісігіне 1020 адам шалдыққан. Бұл дегеніміз 100 мың адамға шаққанда 5,5-ті құрайды. Сондай-ақ ол жылы 588 адам қайтыс болған. Бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 3,2-ні құрайды.

Ал 2019 жылы бауырдың қатерлі ісігіне шалдыққандар көрсеткіші 1012 адамға тең болды. Оның 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіші – 5,4. Дерттен 642 адам қайтыс болған, өлім-жітім көрсеткіші – 3,4-ке тең.

Былтыр бауырдың қатерлі ісігіне шалдыққандар көрсеткіші 861 адам болды. 100 мың адамға шаққандағысы – 4,6. Оның ішінде 580 адам қайтыс болған.

Күлпәш Қалиасқарованың айтуынша, коронавирус пандемиясының салдарынан вирустық гепатиттен қайтыс болғандардың саны артқан.

«Бүгінде бұл диагноз өлім-жітімнің ТОП 10 себебіне кіреді. Ал ас қорыту жолдарының аурулары құрылымында бауыр циррозы бірінші орында тұр. Е гепатиті жүкті әйелдердің 20 пайызында өлімге әкелуі мүмкін. Бауыр циррозына әкелетін себептердің арасында вирустық гепатит, бауырдың алкогольдік және алкогольсіз майлы зақымдануы, сондай-ақ бауырдың аутоиммунды және метаболикалық аурулары жетекші орын алады», - дейді дәрігер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама