×

Жайылым жер: Ақтөбе облысында 70 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды

Өңірде 1,7 млн гектар жайылымның пайдаланылмай жатқанын анықталды

 Айгерім Таубай 27.07.2022 | 17:04
фото: aqjolgazet.kz

Ақтөбе облыстық прокуратурасы 2019-2022 жылдар аралығында 1,7 млн гектар жайылымның пайдаланылмай жатқанын анықтады. Биыл анықталғаны - 667 мың га.

Соңғы үш жылда 257,7 мың га жайылым қайтарылып, 405 мың га жайылым ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді (иелері оларды пайдалана бастады).

Одан бөлек, 32,5 мың га заңсыз берілген жайылымдар мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жергілікті атқарушы органдар халыққа мал жаю мақсатында қосымша 103,2 мың га жерді бекітті, оның ішінде 73% (75,3 мың га) прокурорлардың қадағалау актісі негізінде.

Сондай-ақ халықтың (жеке аулалардың) мұқтаждығын ескеріп 105,1 мың га жайылымдық алқапты бекіту қажеттілігі анықталды. Осы ретте прокуратура органдарының бастамасымен жекелеген аудан әкімдіктері мемлекет қажіт үшін жайылым жерлерді тартып алуды бастады.

Жалпы, облыстық прокуратура 57 қадағалау актісін енгізді, 70 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 9 тұлға мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама