×

Мәскеулік дәрігер қан сұйылтатын сусынды айтты

Қарапайым су, анар мен қызылша шырыны өте пайдалы

 Дастан Жұмабекұлы 26.07.2022 | 17:25
Көрнекі фото

Ресейлік диетолог Маргарита Королева қою қан тамырлардың бойымен дұрыс айналмай, ұйып қалса белгілі бір мөлшерде сұйық сусын ішу керектігін айтты.

«Москва 24» порталының хабарлауынша, дәрігер бірінші кезекте қарапайым, газдалмаған су ішу керектігін, ол қанның ұюын болдырмайтынын ескертті.

Егер қан тым қою болса әрі зертханалық түрде расталса, рационға анар шырынын қосу керек. Оның құрамында жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын қалыпты сақтау және гемопоэтикалық функцияны ретке келтіру үшін қажет болатын аминқышқылдары бар. Сонымен қатар, бұл өнімде Р және В дәрумені бар, –  деді дәрігер.

Дәрігер анар шырыны 50 жастан асқандарға пайдалы екенін, ол жүрек жұмысын қалыпқа келтіретінін атап өтті. Оның айтуынша, қан сұйылуы үшін қызылша шырыны да пайдалы. Бұл сусын липидтердің құрамын қалыпқа келтіріп, артық холестеринді жояды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама