×

Елордада коронавирус жұқтырғандар саны азаяр емес

Еліміз бойынша аурудан 20 мыңға жуық адам емделіп жатыр

 Дәурен Ерболат 26.07.2022 | 09:05
Фото: novosti-n.org

Нұр-Сұлтанда күніне 800-ден аса адам COVID-19 жұқтырып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 1859 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 835,
  • Алматыда – 363,
  • Шымкентте – 17,
  • Ақмола облысында – 66,
  • Ақтөбе облысында – 11,
  • Алматы облысында – 45,
  • Жетісу облысында – 60,
  • Атырау облысында – 64,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 12,
  • Абай облысында – 8, 
  • Жамбыл облысында – 61,
  • Батыс Қазақстан облысында – 21,
  • Қарағанды облысында – 170,
  • Ұлытау облысында – 27,
  • Қостанай облысында – 1,
  • Қызылорда облысында – 42,
  • Маңғыстау облысында – 18,
  • Павлодар облысында – 29,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 3,
  • Түркістан облысында – 6.

1234 адам COVID-19-дан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 406,
  • Алматыда – 319,
  • Алматы облысында – 161,
  • Жетісу облысында – 115,
  • Атырау облысында – 8,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 32,
  • Абай облысында – 17,
  • Жамбыл облысында – 25,
  • Қарағанды облысында – 78,
  • Ұлытау облысында – 24,
  • Қостанай облысында – 10,
  • Қызылорда облысында – 20,
  • Павлодар облысында – 13,
  • Түркістан облысында – 6.

Елімізде барлығы 1 302 320 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

26 шілдедегі мәлімет бойынша 19 571 адам коронавирустан емделуде.

Оның ішінде 1 472 пациент стационарда, 18 099 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр. 33 адамның жағдайы ауыр, 12 пациенттің жағдайы өте ауыр, 6 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  • «Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ;
  • «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы;
  • «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше Нұр-Сұлтанда 806 адам коронавирус жұқтырған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама