×

COVID-19: елімізде қазір 19 мыңға жуық адам емделіп жатыр

Бүгінде 7 науқастың жағдайы өте ауыр

 Дәурен Ерболат 25.07.2022 | 09:06
Фото: ТАСС

Қазақстанда күніне 2 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 2 мың 54 жағдайы тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 806,
  • Алматыда – 532,
  • Шымкентте – 46,
  • Ақмола облысында – 68,
  • Ақтөбе облысында – 8,
  • Алматы облысында – 83,
  • Жетісу облысында – 84,
  • Атырау облысында – 61,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 6,
  • Абай облысында – 26,
  • Жамбыл облысында – 76,
  • Батыс Қазақстан облысында – 20,
  • Қарағанды облысында – 130,
  • Қостанай облысында – 11,
  • Қызылорда облысында – 36,
  • Маңғыстау облысында – 14,
  • Павлодар облысында – 28,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 8,
  • Түркістан облысында – 11.

Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 333 547 жетті. 

1 мың 83 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 341,
  • Алматы қаласында – 490,
  • Алматы облысында – 50,
  • Жетісу облысында – 3,
  • Атырау облысында – 15,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 26,
  • Абай облысында – 11,
  • Жамбыл облысында – 25,
  • Қарағанды облысында – 59,
  • Қызылорда облысында – 63.

Елімізде барлығы 1 301 086 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

25 шілдедегі мәлімет бойынша 18 962 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Оның ішінде 1 280 пациент стационарда, 17 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 32 адамның жағдайы ауыр, 7 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  • «Қызыл» аймақта тұрған өңір жоқ;
  • «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан;
  • «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Айта кетейік кеше 2 649 адам коронавирус жұқтырған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама