×

ДДСҰ маймыл шешегінің өршігенін айтып дабыл қақты

Вирус әлемге тез таралып жатыр

 Халық үні 24.07.2022 | 11:08
Фото: ашық дереккөздерден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының айтуынша, вирус әлемге тез таралып жатыр. Алайда ол жаһандық сауда айналымына немесе адамдардың саяхатқа шығуына еш кедергі келтірмейді, деп хабарлайды NYT басылымы.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің өршуін жаһандық төтенше жағдай деп жариялады.

Төтенше жағдайдың жариялануы аталмыш індеттің денсаулыққа айтарлықтай қауіпті дегенді білдіреді. Бұл вирус одан әрі таралып, пандемияға айналмауы үшін келісілген халықаралық әрекет қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, биыл 70-тен астам елде маймыл шешегінің 16 000-нан астам жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, жұқтырғандар саны маусым айының соңынан шілденің басына дейін 77 пайызға өсті.

Биыл Африкада маймыл шешегінен бес адам қайтыс болды, бірақ осы уақытқа дейін құрлықтан тыс жерде өлім жағдайы тіркелмеді.

Бүкіл әлем бойынша эпидахуал қалыпты. Алайда, індет Еуропада өршіп тұр. Жыл соңына дейін әлем бойынша расталған инфекциялық жағдайлардың 80%-дан астамы Еурпода тіркелуі мүмкін, — дейді ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама