×

Ақтауда көшеде әйелін соққыға жыққан ер адам іздестіріліп жатыр

Оқиға кәмелетке толмаған балаларының көзінше болған

 Дастан Жұмабекұлы 22.07.2022 | 17:07
Көрнекі фото

Ақтауда күндізгі уақытта әйелін көшеде сүйрелеп, ұрып-соққан ер адамды тұрғындар видеоға түсіріп алған. Қазір полицейлер күш көрсеткен адамды іздестіріп жатыр.

Lada.kz-тің хабарлауынша, кадрда ер адам әйелді жұлқылап жерден тұрғызуға тырысқан. Қарсылық танытқан соң ол әйелдің бетінен бірнеше рет шапалақпен ұрған. Кейін күш қолданып, үйлердің алдына қарай алып кетеді.

Полиция департаменті екі адамның арасында болған жанжалды зерттеп жатқанын хабарлады. Олардың қолында видеоайғақ бар. Ал видео авторы оқиға Ақтаудың 13-шағын ауданда №48 үйдің маңында ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балаларының көзінше болғанын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама