×

Ағылшыншаны үйінде отырып-ақ меңгерген ауыл мұғалімі АҚШ-тағы үздік ЖОО-ға түсті

Ол IELTS емтиханы бойынша белгіленген ең жоғарғы 9 балдың 7-еуін жинай алды

 Еркеғали Болатұлы 21.07.2022 | 14:14
фото: дереккөз

Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы орта мектептен математика пәнінің мұғалімі Гүлзия Құманқан «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды деп хабарлады Bolashaq news.

Ауыл мұғалімі АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орны – Оңтүстік Флорида университетінің магистратурасына түскен. Өзінің айтуынша, ол ауылдан шықпай-ақ «Болашақ» стипендиясына арналған конкурстық іріктеуден сәтті өтіпті.

Педагог интернет желісіндегі онлайн сабақтар мен дәрістердің көмегімен ағылшын тілін бастапқы деңгейден жоғары деңгейге дейін меңгерген. Шет тілін күніне 5-6 сағаттан оқып отырыпты. Осының арқасында ол IELTS емтиханы бойынша белгіленген ең жоғарғы 9 балдың 7-еуін жинай алды.

Мен қарапайым ауыл мектебінде оқыдым. Қазір сонда жұмыс істеймін. Әлемдегі ең үздік университетте оқуға мүмкіндігім болатынын тіпті елестете де алмадым. Білім мен өзіңе деген сенім әрқашан қалаған нәрсеңе жетуге көмектесетініне сенімдімін. Шәкірттерім де әлемдегі ең үздік білім алғанын қалаймын. Олар менен үлгі алып, шабыттанады деп үміттенемін, - дейді Гүлзия Құрманқан.

Енді ол АҚШ-та магистратураны «Математикалық білім беру» мамандығы бойынша оқымақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама