×

Қазақстанда бір күнде 2 мыңнан аса адам СOVID-19 жұқтырды

Бүгінде 12 мыңнан астам науқас аурудан емделіп жатыр

 Дәурен Ерболат 21.07.2022 | 09:06
Фото: AP

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын өсіп жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте СOVID-19 жұқтырудың 2257 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 642,
  • Алматыда – 650,
  • Шымкентте – 145,
  • Ақмола облысында – 38,
  • Ақтөбе облысында – 30,
  • Алматы облысында – 82,
  • Жетісу облысында – 78,
  • Атырау облысында – 44,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 22,
  • Абай облысында – 15,
  • Жамбыл облысында – 86,
  • Батыс Қазақстан облысында – 39,
  • Қарағанды облысында – 188,
  • Ұлытау облысында – 24,
  • Қостанай облысында – 29,
  • Қызылорда облысында – 69,
  • Маңғыстау облысында – 19,
  • Павлодар облысында – 19,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 16,
  • Түркістан облысында – 22.

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1 323 710-ға жетті. 

Сондай-ақ 838 адам COVID-19-дан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 167,
  • Алматыда – 508,
  • Шымкентте – 52,
  • Алматы облысында – 33,
  • Атырау облысында – 7,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 12,
  • Қарағанды облысында – 43,
  • Ұлытау облысында – 1,
  • Қызылорда облысында – 11,
  • Павлодар облысында – 1,
  • Түркістан облысында – 3.

Елімізде барлығы 1 297 761 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

21 шілдедегі мәлімет бойынша 12 410 адам коронавирустан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 1 099 пациент стационарда, 11 311 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 23 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше елорда мен Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өскен еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама