×

Қаңтарда шенділерге күш қолданып, мүліктерді зақымдаған 83 адамның кінәсі дәлелденді

Барлығы 479 қылмыстық іс сотқа жолданды

 Дәурен Ерболат 18.07.2022 | 15:01
Фото: 24.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде ғимараттарды өртеген, қаруларды ұрлаған, құқық қорғау қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасаған 349 күдікті қамауда отыр. Бұл туралы Бас прокуратура бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Оның айтуынша, қаңтар оқиғасы бойынша Қазақстанда 5 мыңнан аса сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тіркелген. Мемлекеттік объектілерді өртеу, мүліктерді жою және терроризм актілері Алматы, Шымкент қалаларында және Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында болған.

Сол қайғылы күндері қылмыскерлер әскерлерге шабуыл жасап, жолды жауып, көліктерді өртеп, азаматтарды тәртіпсіздіктерді қатысуға көндірген және тонау жасаған. Бүгінде арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 53 және терроризм актілері 32 қылмыстық іс бар. Тергеу әрекеттерінің аяқталуына қарай істер сотқа жолданып жатыр.  Бүгінде 8 өңірде 30 мыңнан аса тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 4 мыңнан аса сот сараптамалары тағайындалды. Қазіргі уақытта 349 күдікті қамауда отыр. Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуге, қаруларды жымқыруға, мемлекеттік объектілерге және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауға белсенді түрде қатысқаны анықталды, - деді Елдос Қилымжанов.

Бас прокуратура өкілі әрбір қамауға алынған күдікті бойынша олардың қылмыстарға қатыстылығы туралы мәлімет жеткілікті екенін атап өтті.

«Қаңтар оқиғасы бойынша барлығы 479 қылмыстық іс сотқа жолданды. Олар бойынша 545 адам сотталды.Нақты бас бостандығынан айыру жазасына билік өкілдеріне қатысты күш қолданған, мүліктерді зақымдауға байланысты ауыр қылмыстарды жасағандар, сондай-ақ залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 83 сотталушы сотталды», - деді ол.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде 284 адам көз жұмған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама