×

Елімізде ең көп бала тәрбиелеп отырған отбасына 18-қыз қосылды

Жас босанған ана перзентханадан бүгін шыққан

 Еркеғали Болатұлы 18.07.2022 | 11:08
фото: дереккөз

Қазақстандағы ең көпбалалы отбасында 18-бала дүниеге келді.

Сонымен, осы уақытқа дейін 17 баланы тәрбиелеп, өсіріп отырған Павель-Татьяна Култышевтардың отбасына тағы бір қыз бала қосылды. Оның салмағы – 4,1 келі, денсаулығы жақсы.

Жас босанған ана перзентханадан бүгін шыққан. Жалпы, бала саны бойынша рекорд орнатқан бұл отбасында қазір 10 ұл, 8 қыз бар.

Елімізде ең үлкен отбасы – Солтүстік Қазақстан облысында тұрады. Култышевтар отбасында бүгінгі күні 18 бала бар. Павел мен Татьяна осыдан жиырма бір жыл бұрын шаңырақ көтерген екен. Батыр ана мектепті бітірген соң, яғни он тоғыз жасында тұрмысқа шығады. Ал, ол кезде отағасы жиырма екіде болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама