×

Астаналықтарды көлік кептелісі күтіп тұр – елордада көпір бір айға жабылады

Екі күн бұрын бұл көпірде өрт шыққан болатын

 Қанат Атаманов 16.07.2022 | 22:42
Фото: inform.kz

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «М-1» көпіріндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастайды. Осыған байланысты автокөліктердің қозғалысы тоқтатылады.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 16 шілде мен 15 тамыз аралығында «М-1» көпірі бойындағы Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырығына дейінгі жол учаскесінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – дейді Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Екі күн бұрын бұл көпірде өрт шыққан болатын. Алдын ала ақпарат бойынша, көпір тіректеріндегі электр кабелінің жануы себеп болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама