×

«Үкіметтің бүкіл имиджіне кері әсер ететін кейіпкерлер бар» – Олжас Құдайбергенов

Әсте ештеңе өзгере қойған жоқ – сол баяғы бюрократия, шешім қабылдаудан қорқу, өз балаларын, туыстарын қажетті қызметке көтеру

 Қанат Атаманов 14.07.2022 | 22:00
Фото: egemen.kz

Танымал экономист Олжас Құдайбергенов Facebook-тегі парақшасында бүгінгі Үкіметте өткен жиын туралы пікір қалдырды.

«Бүгін кеңейтілген жиын өтіп, онда көптеген мәселелер қозғалып, президент дипломатиялық тұрғыдан үкіметтің жұмысына «орташа» деген баға берді.  Оның көпшілік алдында ұстамды баға беруге тырысатынын ескерсек, шын мәнінде үкімет жұмысына көңілі толмайтынын ескеруге болады. Екінші жағынан, мен мемлекеттік басқару жүйесі бір ғана аспектіде ғана өзгерді деп айта аламын. Белгілі отбасының факторы жойылды. Әйтпесе, әсте ештеңе өзгере қойған жоқ – сол баяғы бюрократия, шешім қабылдаудан қорқу, өз балаларын, туыстарын қажетті қызметке көтеру», - деп жазды ол.

Экономист өз жазбасында Үкіметтің бүкіл имиджіне кері әсер ететін кейіпкерлердің де бар екенін атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов – жалпы ел тарихындағы өз қызметін орындай алмайтын ең нашар орынбасар болып табылады.  Оған ауылды да сеніп тапсыра алмайсың. Тағы да бір осындай шенеуніктер бар. Олар өз креслосы үшін алаңдамайды. Алайда, өзгелерге әртүрлі лауазымды беруге атсалысып жүр. Олар барда «Жаңа Қазақстан» артық мүмкіндіктерге қол жеткізе алмайды!, - деген пікірде Олжас Құдайбергенов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама