×

Аймағамбетов жоғары қабаттан 2 баланы құтқарған жас түлекке білім грантын табыстады

Кездесуге 17 жастағы батырдың 6 бала тәрбиелеп отырған анасы Әсемгүл Қабдықалықова да қатысты

 Еркеғали Болатұлы 14.07.2022 | 17:45
фото: gov.kz

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов көп қабатты үйдің терезесінен құлағалы тұрған баланы құтқарып қалған елордалық мектеп түлегі Есдәулет Дәуітбековке білім грантын табыстады деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесуге 17 жастағы батырдың 6 бала тәрбиелеп отырған анасы Әсемгүл Қабдықалықова да қатысты.

Жоғары білім беру сапасымен танымал және әлеуметтік қолдау көрсетуде белсенді позицияны ұстанатын еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Нархоз университетіне алғысымыз шексіз, - деді Асхат Аймағамбетов жас түлекке университетте тегін оқуға грантты табыстап тұрып.

Сондай-ақ ол Есдәулетке көрсеткен қайсарлығы үшін алғысын білдіріп, өзінен кішілерге көмек беруге және оларды қорғауға дайын болуы еліміздің барлық оқушысы үшін үлгі-өнеге екенін атап өтті.

«Сізге көрсеткен қайсарлығыңыз бен батылдығыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Сіз оқушының мектеп қабырғасынан қалай түлеп ұшуы керек екенін дәлелдедіңіз. Осындай асыл, батыр азаматты тәрбиелеген ата-анаңыз бен ұстаздарыңызға алғыс айтамын. Президент бүгін мектептердегі буллинг фактілеріне алаңдайтынын айтқан еді. Сіздің бүгінгі ерлігіңіз лайықты үлгі болады. Жоғары сынып оқушылары да сіз сияқты кішкентайларды қолдауға және қорғауға әрқашан дайын болады деп сенемін», - деді Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама