×

Астанада тағы бір жігіт жоғары қабаттағы 2 баланы аман алып қалды

1 және 3 жастағы қыз бен ұл терезенің торымен ойнап отырған

 Дастан Жұмабекұлы 14.07.2022 | 14:46
скриншот: видео

Кеше түнде астанада Есдәулет Дәуітбеков есімді жас жігіт «Шерқала» тұрғын үйінің 7-қабатында терезенің торымен ойнап, құлап кете жаздаған екі баланы аман алып қалды.

Есдәулет 7-қабаттың терезесінің торында ойнап жатқан балаларды көріп, достарымен бірге баспалдақпен көтеріліп, үйге кірмек болады. Алайда үйде есікті ешкім ашпаған. Одан кейін Есдаулет көрші пәтердің балконына шығып, балалар ойнап жатқан үйге кіріп, 1 және 3 жастағы қыз бен ұл баланы ажалдан аман алып қалды.

Есдәулет балаларды құтқарып қана қоймай, олардың анасы келгенше үйде отырып күткен.

Еске салайық, бұған дейін елордада көзсіз ерлік жасап, сегізінші қабаттан құлағалы тұрған 3 жасар баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаевтың әрекеті көпті тәнті еткен еді. Тіпті, бір-ақ күнде ерлігімен танылған Шонтақбаев туралы Ұлыбритания басылымы да жазды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама