×

Балалар арасында суицид дерегі жиі тіркелетін өңірлер аталды

Президент бұл мәселені шешу үшін Үкіметке кешенді жоспар құруды тапсырды

 Дәурен Ерболат 14.07.2022 | 12:42
Фото: rvs.su

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар арасында суицид дерегі жиі тіркелетін облыстарды атады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Президент соңғы жылдары мектеп қабырғасында зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткеніне алаңдайтынын айтты.

Оның үстіне, толық жабдықталған мектептердің 65%-ында, яғни 3 мың мектепте бейнебақылау жүйесі талапқа сай емес, кейде мүлдем жұмыс істемейді. Жалпы еліміз бойынша балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол салуы, яғни суицид азайды. Дегенмен Алматы, Жамбыл, Қостанай және Маңғыстау облыстарында мұндай оқиғалар көбейіп барады. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар керек, - деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама