×

Алматы облысында 122 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің атымен жасалған

 Еркеғали Болатұлы 13.07.2022 | 17:51
фото: bilimdinews.kz

Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде 122 мұғалімнің жалған дипломмен жұмыс істеп келгені анықталды.

Жалған диплом Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің атымен жасалған.

Қазір жалған құжаттарды пайдалану деректері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама