×

Бас мүфти халал стандартына сай қасапхана салуды тапсырды

ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапханалар болуы керек

 Дәурен Ерболат 13.07.2022 | 10:51
Фото: baribar.kz, muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ірі қалаларда қасапхана салу жөнінде бастама көтерді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Құрметті бас имамдар! Біз осымен тоқтап қалмай, жұмыстарымызды одан әрі жетілдіру бағытында жұмыс істеуіміз керек. Құрбан айт мерекесінде мал сою жағынан қиындықтар туындамауы үшін ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапханалар болуы керек деген шешімге келдім, - деді бас мүфти Құрбан айтты қорытындылау жиынында.

Ол 2022 жылдың соңына дейін әр қалада жаңадан салынатын қасапханаға арналған жер мәселесін шешуді және «Уақып қоры» мен «Халал даму» мекемелеріне Қазақстан бойынша халал стандарттарына сай келетін қасапхананың ортақ жобасын дайындап шығуды тапсырды.

Айта кетейік, биыл елімізде Құрбан айт мейрамы 9-11 шілде аралығында тойланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама