×

«Істемеген жұмысым жоқ»: допинг дауына іліккен Алмас Өтешов спорттан тыс өмірі жайлы айтты (ВИДЕО)

Ең көп алған жалақысы – 1 миллион 700 мың теңге болған

 Қанат Атаманов 10.07.2022 | 20:00
Фото: видеодан скриншот

Ауыр атлетикдан ұлттық құраманың мүшесі, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов Берен Live жобасына сұхбат беріп, допинг дауынан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты.

Алмас Өтешовтің ел спорты тарихында өшпес із қалдырғаны еш дау туғызбаса керек. Ол ауыр атлетиканы серік еткен қандастарымыздың арасынан алғашқы болып әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. Ол – Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болған тұңғыш қазақ зілтеміршісі. Жастар арасында Азия чемпионы атағына қол жеткізген алғашқы отандасымыз. Осылай тізбектей берсек, Сыр бойында туып-өскен саңлақтың бұл салада бағындырған белестері орасан екеніне анық көз жеткізуге болады.

Басқаларды қайдам, допинг дауы, сол қасірет менің өмірімді түгел өзгертті. Маған қатты соққы болды, отбасыма зиян келді. Бұдан кейін мені ұлттық құрамадан шығарып жіберді, жалақым тоқтады. Үйде үш баламды бағып отырған келіншегім бар. Оларды асырауым керек. Барлығы қиын болып кетті. Содан бері істемеген жұмысым қалмады. 2002-2016 жыл аралығында бар өмірім спорт залында, яғни өмірімнің басым бөлігі тек сонда өтті. Басқа өмірді көрмегенбіз. Темір көтеруден басқа ештеңені білмеймін, - дейді Алмас Өтешов.

Даңқы дүркіреп тұрған кезде спортшының жалақысы жақсы болған екен. Айлықты бірнеше жерден алып келген. Бұған демеушілердің сыйақысын қосыңыз. Оның айтуынша, ең көп алған жалақысы – 1 миллион 700 мың теңге болған.

Айта кетсек, 2016 жылы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг қолданғаны үшін Алмас Өтешовті төрт жылға спорттан шеттеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама