×

Күйеуін қызғанған әйел көршісінің үйін өртеп жіберген

Енді тілсіз жаудан аман қалған жәбірленуші қаскүнем көршісін жазалауды талап етіп отыр

 Қанат Атаманов 09.07.2022 | 00:00
Фото: ашық дереккөздерден

Павлодар қаласының тұрғыны күйеуін көршісінен қызғанып, оның үйін өртеп жіберген. Әйел осылайша кек алуды көздепті. Азаматтық некедегі күйеуін қызғанған ол бір түнде үйге екі рет от қойып, екі баласы бар әйелді өлтірмек болған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Енді тілсіз жаудан аман қалған жәбірленуші қаскүнем көршісін жазалауды талап етіп отыр.

41 жастағы Ольга Пархоменко екі баласы және әжесімен бірге тірідей жанып кетуге сәл қалған. Кең жайлы баспанасы қазір астаң-кестеңі шығып жатыр.

Татьяна мені түсінбеген сыңайлы. Үйден дүкенге дейін оның жігітімен бірге бардық. Ары қарай өз жолымызбен кеттік. Ертесіне маған Татьяна келіп, қызғанатынын айтып, үйіңді өртеп жіберемін деп қорқытты, - дейді жәбірленуші.

Ольга Пархоменко көршісінің күйеуін тартып алу туралы мүлде ойы жоқ екенін айтады. Сондықтан қызғаншақ келіншектің бұл әрекетін түсінбей дал. Айтуынша, бірінші шыққан өртті өзі өшірген. Екінші мәрте қойылған отты өшіруге ұзақ уақыт кеткен.

Отқа оранған баспана қайта қалпына келтіруге жарамайды. Сондықтан далада қалған жәбірленуші екі баласы және әжесін алып туыстарын жағалап жүр. Киімі, жиһаздары мен тұрмыстық техникасының бәрі өртеніп кеткен. Қызыл жалын тұтанғанда сыртқа алып шыққан құжаттары ғана аман екен.

Қазір полицейлер осы оқиға бойынша іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

«Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 204-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылады», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Алма Мұсабекова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама