×

Хиджаб киген қалыңдық күйеуінен мәһрге 1 млн теңгенің телефонын сұрады (ВИДЕО)

Молда уәде қанша уақыттан кейін орындалатынын сұрап еді, жігіт үндемей қалды

 Еркеғали Болатұлы 08.07.2022 | 11:25
фото: ашық дереккөз

Орамал тартқан жас қалыңдық күйеуінен мәһрге бағасы 1 миллионға жуық IPhone 13 PRO MAX телефонын сұрады.

Әлеуметтік желіде тараған бұл видеода күйеу жігіттің молда алдында әйеліне қымбат телефонды сыйлауға уәде бергені көрсетілген. Молда уәде қанша уақыттан кейін орындалатынын сұрап еді, жігіт үндемей қалды.

Қазақтарда енді жаңа мода басталады, тіпті осы мәhр-тақыр үшін пәленбай қыз хиджабгүл болып кетсе де таңғалмаймын. «Түйе сұрасаң бие береді» деген қағиданы мықты біледі екен. Жайлап қана сызылып, бірақ нық айтты ғой, шіркін! Мәһір деген «пәле» келе жатыр алда жігіттер, қамданыңдар, қалталарың толық болсын, - деді видеоны жүктеген Ләззат Ғұсманқызы.

Сондай-ақ желі қолданушылары қалыңдықтың күйеуінде IPhone 13 PRO әперетін жағдайы бар ма, жоқ па, оған бас ауыртпағанына қынжылыс білдірді. Оның «шын көңілден сыйлаған кез келген сыйлық болады» деп айтпағанын сынға алып жатыр.

«Жұрттың алдында өз болашақ жарын ыңғайсыз жағдайға қалдырып тұр. Бұл телефон екеуінің арасындағы ғана əңгіме, жария болмайтын», - деп ақыл қосты желі қолданушылардың бірі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама