×

Елімізде биыл 53 мың бала педагогикалық-психологиялық орталыққа жүгінген

Елдегі психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің саны 211-ге жетті

 Динара Амантай 07.07.2022 | 16:53
Фото: azattyq-ruhy.kz

Елімізде балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 53 мыңға дейін артты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда Балалар жылында балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 40%-дан аса көрсеткішке артты. Бұған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК), оңалту орталықтары мен логопедиялық орталықтар желісін кеңейту ықпал етіп жатыр. Былтыр орталықтарға 30 мың бала барса, биыл олардың саны 53 мыңға дейін артып отыр.

Сонымен бірге былтыр елімізде 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылған болса, енді республикадағы ППТК-ның жалпы саны 211-ге жеткені белгілі болды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша баланың дамуындағы проблемаларды ерте анықтау және түзету үшін қосымша жағдайлар жасалып жатыр. Ол үшін қазір психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтарының саны артып келеді, – деп мәлімдеді Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама