×

Алматы маңында ерлі-зайыпты жол апатынан көз жұмды, олардың 4 жасар қызы аман қалды (ВИДЕО)

Кішкентай бала мен тағы екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді

 Қанат Атаманов 06.07.2022 | 23:00
Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Volvo жол талғамайтын көлігі мен Mercedes Benz көлігінің соқтығысқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Автор қатты соққыдан екі көліктің де бүктетіліп қалғанын хабарлады. Сондай-ақ, апаттан қаза болған әйелдің егіз балаға жүкті болғаны айтылған.

Факт 6 шілдеге қараған түні Іле ауданы аумағында тіркелгені белгілі болды. Өңір полициясы көліктер Байсерке-Қараой тасжолының 26-шы шақырымында соқтығысқанын нақтылады. Алдын ала мәлімет бойынша жол апатына қарсы жолаққа шығып кеткен 32 жастағы Volvo жүргізушісі кінәлі.

Mercedes Benz салонында болған ер адам мен әйел қаза тапты. Сондай-ақ жарақат алған кішкентай бала мен тағы екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство бұл факт бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама