×

Ілияс Есенберлиннің ұлы Назарбаевты «ұлы мемлекет қайраткері» деп бағалады

Сондай-ақ ол Назарбаевты өте мейірімді, көреген, кекшіл адам деп сипаттады

 Еркеғали Болатұлы 05.07.2022 | 16:32
фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің бұрынғы кеңесшісі Қозы-Көрпеш Есенберлин экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың азат Қазақстанның дамуындағы рөлі туралы айтты журналист Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Назарбаев елдегі бизнесті дамытуға тырысқан, егер ол болмаса, кейбір ірі бизнесмендер табысқа жете алмас еді.

«Қазіргі уақытта кемшіліктері мен қателіктері анықталып жатқанына қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ұлы мемлекет қайраткері және Қазақстанның дамуының ұлы стратегі деп ойлаймын. Оның сөзсіз осындай ерік-жігері мен мүмкіндіктері болғандықтан, Қазақстанда реформа болды.

Демократия институтының кемшіліктеріне, сот жүйесінің, құқық қорғау органдарының, сөз бостандығының жетілмегендігіне қарамастан, біз сол 30 жылдық қызметтің арқасында толық емес, бірақ азат Қазақстанды құрдық, - деді Есенберлин.

Сондай-ақ ол Назарбаевты өте мейірімді, көреген әрі кекшіл адам деп сипаттады.

Еске сала кетсек, Қозыкөрпеш Есенберлин – белгілі қаламгер Ілияс Есенберлиннің ұлы. Алматыдағы «Кочевники» баспа үйінің директоры.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама