×

Президенттік кадр резервінен бірқатар жастар лауазымды қызметтерге тағайындалды

Бұл жоба мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашуға бағытталған

 Динара Амантай 05.07.2022 | 15:11
Коллаж: Halyq Uni

Президенттік жастар кадр резервінен бірқатар тұлғалар лауазымды қызметтерге тағайындалды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, тағайындаулар төмендегідей түрде болды:

А.Ө. Бейспеков– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің Аппарат басшысы қызметіне тағайындалды (2019 жылғы резервші).

Ғ. Асанұлы – Президент Әкімшілігі Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің сектор меңгерушісі болып тағайындалды (2019 жылғы резервші);

А. Жамалбекұлы - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды (2019 жылғы резервші);

М.Қ. Тұрлыбаев – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды (2019 жылғы резервші).

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты құру туралы идеяны алға тартып, «Президенттік жас кадрлар резерві» жобасын ұсынған болатын.

Бұл жоба барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашуға бағытталған. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жас кадрлар резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама