×

Қазақстанда құрылыс сапасына шағым көп: тәуелсіз зертхана қызметі құрылады

Заңнамаға енгізілетін түзетулер әзірленіп жатыр

 Дәурен Ерболат 05.07.2022 | 10:54
Фото: Halyq Uni

Құрылыста пайдаланылатын материалдар мен орындалған жұмыстың сапасын бақылау үшін тәуелсіз мемлекеттік зертхана қызметін құру керек. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, құрылыс сапасына қатысты көптеген шағымның түсуіне байланысты мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында заңнамаға енгізілетін түзетулер әзірленіп жатыр:

  • Аумақта құрылыс салуды сапасыз жоспарлауды болдырмау мақсатында қала құрылысы сараптамасын енгізу;
  • Құрылыстың барлық кезеңдерінде (қазаншұңқыр қазудан бастап абаттандыру жұмыстарына дейін) объектілерге жоспарлы бақылауды енгізу және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармаларының нысандарды пайдалануға қабылдауға қатысуы;
  • Пайдаланылатын материалдар мен орындалған жұмыстардың сапасына зертханалық және техникалық тексеру жүргізу үшін тәуелсіз мемлекеттік зертханалық қызметті құру.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама