×

Аймағамбетов мектеп асханаларында да бағаның өсіп жатқанына қарсы

0,5 литр судың бағасы 350 теңге деген – масқара

 Еркеғали Болатұлы 21.06.2022 | 15:20
фото: ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппараттық жиналысында мектеп асханаларындағы ас мәзірін қайта қарау керектігін ескертті.

«Біз қазір ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіш өсті деп отырмыз. Бірақ қазірдің өзінде ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырған асханалардың жұмысын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс болуы керек. Қазір ол бойынша комитет тиісті заңнамалық өзгерістерді дайындады. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, ас мәзірін жаңадан қарауымыз қажет», - деді министр.

Сондай-ақ ол мектеп буфеттерінде бағаға қатысты проблемалар бар екенін тағы бір атап өтті.

Әр білім бөлімі, әр білім басқармасы бұған жеке назар аудары керек. Елорда мектептерінде бағаның өсуі байқалады. 0,5 литр судың бағасы 350 теңге деген масқара! Осы сияқты басқа өңірлердің асханасындағы баға мәселесін де қараңыздар. Бұл мәселелерді шешу үшін біз тиісті заңнамалық өзгерістерді енгіземіз. Жаңа оқу жылына дейін бұл проблема шешілуі керек, - деді Асхат Аймағамбетов.

Осы орайда ата-аналардың да күнделікті ас мәзірі, мектептегі асхана туралы мәлімет ала алатындай жағдай жасалуы қажет екені баса айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама