Halyq Uni логотип
×

Елордада құрылыс нысанының күзетшілері 2 млн теңгеге материал ұрлаған

Олар қылмысты түнде жасаған

 Қымбат Елтайқызы 14.06.2022 | 11:30
Елордада құрылыс нысанының күзетшілері 2 млн теңгеге материал ұрлаған
фото: Halyq Uni

Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде құрылыс объектісінен ұрлық жасады деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Бұл туралы астаналық полиция департаменті хабарлады.

«ЖШС бригадирі тәртіп сақшыларына белгісіз біреулердің құрылыс нысаны аумағынан 2 млн теңгеден астам сомаға қасбет материалдарын ұрлап кеткенін айтып, шағымданады. Тергеу барысында 30 және 34 жастағы екі күдіктінің осы құрылыс нысанында күзетші болып жұмыс істегені анықталды. Қаскүнемдер түнде бөтен адамдардың жоғын пайдаланып, ұрланған заттарды көлікпен алып кеткен. Олар қылмыстық ниетпен алынған алюминий парақтарын сатпақшы болған», – дейді департамент.

Аталған фактіге қатысты «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер өз кінәсін мойындады. Олардың шаһар аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде. 

Қартты соғып, үйді тас-талқан еткен: ШҚО-да ұры бір түнде бірнеше үйді тонаған. Ақмолалықтар қоқыс контейнерлерін ұрлаған. «Магнумнан» памперс ұрлап кеткен елордалық жігіт тергеліп жатыр. Нұр-Сұлтанда бала күтушісі үй иелерінен 3 мың доллар ұрлаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама