×

«Пластикалық ота керек»: алабайлар талаған қыздың туыстары жағдайды айтты

Балаға медициналық және психологиялық көмек керек

 Дастан Жұмабекұлы 09.06.2022 | 10:24
фото: КТК телеарнасының кадры

Алматы облысында алабайларға таланған қыздың туыстары пластикалық отаның қажеттігін айтты.

КТК телеарнасының хабарлауынша, полиция баланы қауып алған алабайлардың иесіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бұл оқиға Алматы облысы Талғар ауданының Талдыбастау ауылында болған еді. Қыздың жеңгесі Гүлжан Білманованың айтуынша, балаға медициналық және психологиялық көмек қажет.

Баланы екі алабай сүйреген. Барлық киімі қан жоса болған, жыртылған. Бала жылап келді. Ол сіңлісін қорғағысы келіпті. Қазір бала ауруханада жатыр. Бетін көрсетуге ұялады. Енді ұзақ уақыт далаға шығуға қорқатын шығар. Қыздар далада ойнап жүргенде көрші үйдің есігінен екі үлкен ит шыққан. Алабайлар бірден балаға шабуыл жасап, бетіне, қолдары мен аяқтарына жабысып, сүйреген. Біраз уақыттан кейін көршісі шығып, иттерді үйге кіргізуге тырысқан. Бірақ, олар қашып кеткен. Ол бүгін ауруханадан шығарылды. Жарақаттарын тігу қажет болды. Балаға пластикалық хирургия және психологиялық көмек қажет. Отбасы иттердің иелерінен жазалауды, қызды емдеуге және одан әрі оңалтуға ақы төлеуді талап етіп отыр, - деді зардап шеккен қыздың жеңгесі Гүлжан Білманова.

Иттердің иесі 57 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Оның айтуынша, иттері арнайы қоршауда қамауда тұрады. Бірақ, оқиға болатын күні аулаға тамақтандыру үшін босатылған. Сол сәтте екі ит ауланың сыртына шығып кетіп, баланы талап тастаған. Иттердің иесі қыздың еміне қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама