Ақтауда шетелдік әйелден ондаған келі «апиын» есірткісі тәркіленді

Қымбат Елтайқызы

Ираннан келген әйел ауыр қылмыспен айналысқан

фото: Halyq Uni

Ақтауда шетелдік әйелден 40 келіге жуық «апиын» есірткісі тәркіленді, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«1 маусымда Маңғыстау облысы полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақтаудағы пәтерлердің бірін тінту барысында жалпы салмағы 39 келіні құрайтын «апиын» есірткі затын тауып, тәркіледі. Күдікті ретінде Иран тумасы анықталып, ұсталды», – дейді ІІМ.

Ақтаудың тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Аталған факт қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша арнайы тізілімге тіркелді. 

ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды. ҰҚК екі айда 2,3 млрд теңгенің есірткісін анықтады. Ақтөбе облысында есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды. Есірткі сақтап, тасымалдаған атыраулық оқушы 7,5 жылға сотталды. Семейде есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді. Түркістан облысында есірткінің ірі егістігі анықталды. Есірткіге әуес ел жастарының ең жасы 13-те болып тұр. Қостанайда есірткі сатқан адам 14 жылға бас бостандығынан айырылды.