×

Түркістан облысында есірткінің ірі егістігі анықталды

Өңірде осындай қылмыс жиі кездеседі

 Қымбат Елтайқызы 07.06.2022 | 11:30
фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері көкнардың кезекті ірі егістігін жойды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Осы жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында Түркістан облысы аумағында полиция қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Оның мақсаты – есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы деректерін анықтау, есірткіні жеткізу арналарын жабу және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру және дайындау фактілерінің жолын кесу. Аталған жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Сарыағаш ауданының полицейлері бірлесіп, ауыл тұрғындарының бірінің үйіндегі ірі есірткі егістігін жойды», – дейді ІІМ.

Толығырақ айтсақ, кезекші бөлімге тұрғындардың бірі құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысады деген хабарлама түсті. Ақпарат алысымен полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің мекенжайы анықталды. Жедел уәкілдер тінту кезінде оның ауласынан 2400 түп есірткіге ұқсас өсімдікті айғақ зат ретінде алып, сараптамаға жіберді. Зерттеу қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы 47 келі болатын көкнар болып шықты.

Қазір аталған жайт қылмыстық кодекстің 300-бабымен (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу істің толық мән-жайын және күдіктінің үйде есірткі заттарын қандай мақсатта өсіргенін анықтайды, – делінген ақпаратта.

Түркістан облысының тұрғыны ірі көлемде есірткі өсірген. Шу тұрғынынан 200 келіге жуық есірткі тәркіленді. ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды. ҰҚК екі айда 2,3 млрд теңгенің есірткісін анықтады. Ақтөбе облысында есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды. Есірткі сақтап, тасымалдаған атыраулық оқушы 7,5 жылға сотталды. Семейде есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама