×

Есірткі сақтап, тасымалдаған атыраулық оқушы 7,5 жылға сотталды

Оқушы «Телеграмм» желісіндегі хабарламаны көріп, табыс таппақшы болған

 Қанат Атаманов 07.06.2022 | 08:00
Фото: ашық дереккөздерден

Атырау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп оқушысы психотроптық заттарды сақтау және тасымлдауға қатысты айыппен сотталып, темірдің ар жағына тоғытылған.

2022 жылдың өткен кезеңінде Атырау облысының аумағында кәмелет жасқа толмаған 20 оқушы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Оның ішінде 13 ауырлығы орташа және 7 ауыр қылмыс.

Кәмелет жасқа толмаған оқушы К. «Телеграмм» желісіндегі хабарламаны көріп, табыс таппақшы болған. Ол аталмыш интернет-қосымшасында жұмыс тәжірибесі жоқ, жалақысы жоғары жаяу курьер қажет екендігі туралы хабарландыруды тапқан. Осы хабарландыруға қызығушылық танытқан кәмелет жасқа толмаған К. курьердің жұмысы деп психотроптық заттарды жасырын орындарға салу, жеңіл материалды байыту мақсатын көздейтінін түсініп, аса ірі мөлшердегі есірткі мен психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында сақтау, тасымалдау, өткізуге бағытталған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы қылмыстық ниеті анықталған. Нәтижесінде оқушы К. 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деп көрсетті Атырау облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама