Шу тұрғынынан 200 келіге жуық есірткі тәркіленді

Қымбат Елтайқызы

Ол қамауға алынды

фото: polisia.kz

Жамбылдық полицейлер Шу тұрғынынан 200 келіге жуық есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Шу ауданы Ақтөбе ауылынан 12 шақырым жердегі Баусасық құмды аймағында 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру барысында жалпы салмағы 194 келі каннабис өсімдігі, 4 келіден астам кептірілген марихуана, 4 грамнан астам каннабис шайыры есірткі заттары табылып, тәркіленді», – дейді ІІМ.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттар, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Гашиш пен миллиондаған ақша: Елордада есірткі сатушылар құрықталды. Ақтөбелік тұрғын жылыжайда қарасора өсіріп, есірткі зертханасын ашқан. Есірткіні іш киіміне жасырып, алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды. Түркістан облысының тұрғыны ірі көлемде есірткі өсірген.