×

Қызылордада көлікте қалып қойған бала құтқарылды (ВИДЕО)

Құтқарушылар оқиғаға шұғыл жетті

 Дәурен Ерболат 30.04.2024 | 13:33
Скрин видео

Қызылордада мамандар көлікте қалып қойған 2 жасар баланы құтқарды, деп хабарлады ТЖМ.

Оқиға 30 сәуірде қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болған. Көлікте кішкентай бала қалып қойған.

Оқиға орнына 4 құтқарушы келді. Олар автокөлік есігін арнайы жабдықтың көмегімен ашты. Көлікте қалған 2022 жылы туған қыз құтқарылды.

Тұрғын құтқарушыларға алғыс айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама