×

«Үй кезегін жылжытамын». 7 адамды алдаған алаяқ ұсталды

Ол алаяқтықты кәсіпке айналдырған

 Дәурен Ерболат 25.04.2024 | 12:32
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция 7 адамды алдаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Сарыағаш ауданында полицейлер алаяқтық қылмысын ашты. 31 жастағы әйел «Тұрғын үй кезегін жылжытып беремін» деп адамдарды алдаған. Ол жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұсталды.

Күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, алдын ала 100 мың теңге ақшасын алып, хабар-ошарсыз кеткен.

Бұдан басқа, полиция оның 6 тұрғыннан алаяқтық жолмен ақша алғанын анықтады. Әйел адамдарды «үй алып беремін» деп алдаған. Осылайша, ол алаяқтықты кәсіпке айналдырған.

Қазір күдікті тергеліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама