×

Петропавлда тасқын туралы бейнематериал таратқан тұрғын айыппұл арқалады

Ер адам өз кінәсін мойындады

 Динара Амантай 22.04.2024 | 17:31
Фото: polisia.kz

СҚО-да полицейлер жалған ақпарат таратқан петропавлдықты жауапқа тартты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше полицейлер Instagram желісінде Сергеев су қоймасы көрсетілген бейнематериалды анықтады. Видеода қоймадағы судың арнасы 4 метрден асып, төгіліп жатқаны айтылған. Шын мәнінде, аталған қоймадағы судың биіктігі әлдеқайда азайған.

Осылайша, автор судың шынайы деңгейін бұрмалап, жалған ақпарат таратқан. Ол 25 жастағы петропавлдық болып шықты. Айтуынша, бұл ақпаратты сол жерде бейнеконтент түсіріп жатқан бейтаныс адамның сөздерінен естіген. Қала тұрғыны өз кінәсін мойындады.

Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабына сәйкес, жеке тұлғалар үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл көзделгенін еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама