×

Павлодар облысында ЖКО салдарынан 40 бала түрлі жарақат алды

Тәртіп сақшылары жазатайым оқиғалардың басты себебін атады

 Динара Амантай 22.04.2024 | 12:20
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері Павлодар облысында болған жол-көлік оқиғаларынан 40 бала түрлі жарақат алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, мұндай барлық жазатайым оқиғаның басты себебі – көлік жүргізушілерінің де, балалардың да жол ережелерін сақтамауы.

Жыл басынан бері облыс жолдарында кәмелетке толмағандар түскен апаттың 36 фактісі тіркелді. Онда 40 бала түрлі жарақат алды, – деді Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.

Көбіне балалар рұқсат етілмеген жерде, бағдаршамның тыйым салатын сигналында, жақын жүретін көліктің алдында жүреді. Сондай-ақ жол жүру ережелерін велосипед, мопед және мотоциклмен бұзған. Жолда алған жарақаттардың басты себебі – көліктерде жолаушының, жүргізушінің қауіпсіздік белдіктерін тақпауы немесе балаларды отырғызатын құрылғының болмауы. Көбіне ересектер жол ережелерін баланың көзінше бұзады. Ал балалар үлкендердің жасағанын қайталайды. Оларда әлі де жолдарда жүріс-тұрыстың берік практикалық дағдылары жоқ.

Осы орайда полиция ересектердің жол ережелерін сақтауы өз балаларына үлгі болатынын ескертеді. Күн сайын балаларға жол ережелерін сақтап, жолдан өту кезінде сергек және мұқият болу қажеттігін айтып отырған жөн.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама