×

Полицейлер адамдар көп жиналатын орындарды тексеріп жатыр

525 басшы мен меншік иесіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді

 Динара Амантай 17.04.2024 | 17:05
Фото: Halyq Uni

Ішкі істер органдары террористік тұрғыдан осал объектілерде, оның ішінде сауда және ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық тамақтану орындарында және басқа да нысандарда жоспарлы тексерулер жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде террористік шабуылдарға осал деп танылған адам көп жиналатын 17 мыңнан астам нысан аймақтық тізімдерге енгізілді. Жыл басынан бері осы санаттағы 1 723 объект тексерілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша 525 басшы мен меншік иесіне оларды жою туралы нұсқама берілді.

Тексеру барысында қызметкерлердің білімі мен дағдылары, сондай-ақ әртүрлі дағдарыс жағдайларындағы іс-қимылдар бойынша объектілерді күзету деңгейі қаралады. Сондай-ақ аталмыш нысандардың 36 мыңнан астам қызметкеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетсек, су тасқынына байланысты Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының жекелеген қалалары мен аудандарында тексерулер уақытша тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама